1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Конституцияның қабылдануы барлық қазақстандықтар үшін ерекше оқиға болды. Сол уақыттан бері жыл сайын 30 тамызда Конституция күні аталып өтілуде. Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды. Осы орайда тәрбиеленушілеріміздің бойындағы патриоттық сезімдерін дамытып, Конституциямызға деген сый құрметін арттыру мақсатында "Ата Заң — ел дамуының" кепілі тақырыбында іс—шара ұйымдастырылды.