Биыл қазақ халқының біртуар ақыны, қайталанбас кемеңгер тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Республикалық деңгейде тойланып жатқан іс-шара аясында ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып жарияланып, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Осы орайда "Абай оқулары" тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараға мекеме қызметкерлерімен тәрбиеленушілері өз үлестерін қосып, марапатталды.