Әсіресе жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, өмірдің тауқыметін ерте тартқан жеткіншектер үшін. Отбасылардың дәртүрлілігіне қарамастан жеке алынып қаралатын әрқайсысының арқасында бүтін мемлекет шыңдалып дамиды, бүкіл халықтың әл-ауқаттылығы артып келеді. Барлық уақытта қоғамдағы отбасының орнына қарап елдің дамуын пайымдауға болады. Сондықтан да, аталып отырған мереке күні Облыстық жасөспірімдер үйінде «Отбасы - бақыт мекені» атты үлкен іс-шара болып ұйымдастырылды.

 

Біз бүгін үлкен мерекеге куәміз. Елбасы белгілеген айтулы күн еліміз үшін мәні зор. Өйткені, әрбір жанұя қаншалықты берік болса, мемлекетіміз де соншалықты мықты болмақ. Отбасы мерекесі – бұл түсінісу мен көмектесу, ересектер мен балалар арасындағы достық, жақын жүректердің бірлесу мерекесі. Бүгінгі іс-шарамыздың ерекшелігі де сонда, қонақтар ретінде мекеменің отбасын құрған түлектері келіп өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. (Көпбаева Б., Кемелова И., Бижанова Г., Бижанова А., Ли Б.).

 

«Әке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» - демекші, келген қонақтарымыз қазіргі уақыттағы бала тәрбиесімен, оның болашақтағы алатын орны туралы тәрбиелік ой-пікірлерімен бөлісті. Біздің ойымызша берілген тәлімдік кеңестер тәрбиеленушілеріміздің отбасы туралы өзіндік көзқарастарын сөзсіз қалыптастырды.