Жақында Облыстық жасөспірімдер үйінде «Нәр берген ән бұлақтан» атты Ш.Қалдаяқовтың әндеріне арналған ән–сазды кеш ұйымдастырылды. Кеш ұйымдастырушысы Н.З Жанабаева жас жеткіншектеріміздің бойына қазақ халқының біртуар азаматы, қазақ вальсінің королі атанған Шәмші ағамыздың туындыларын насихаттап, ел сүйіспеншілігіне айналған әндерінің өміршеңдігін, қазіргі күнге шейін кез келген әншінің, орындаушының репертуарынан ойып орын алған шығармаларын өз үйіміздің сахнасынан шырқатты. Тәрбиеленушілеріміз және ұжым қызметкерлері Шәмші ауылына саяхат жасағандай әсер алды. Аға буын өкілдері қосылып шырқап, өткенді еске алғандай күйде болды. Тәрбиеленушілеріміздің орындауында: «Ақ бантик», «Бақыт құшағында», «Кешікпей келем деп ең» әндері орындалса, музыка жетекшісі Н.Жанабаеваның орындауында, кайын атасының шығарған «Шәмшінің әні» атты әні орындалды. Ал кешіміздің қадірлі қонақтары Жамбыл облысына танымал К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншілері, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары, мәдениет саласының үздіктері, «Әуендер әлемі» аллеясында есімдері мәрмәр тасқа жазылған Оңал Азаматова және Ғани Мәтебаевтар болатын. Бір айта кетерлік жайт, Оңал Азаматова бұл жасөспірімдер үйіне бірнеше рет келіп қайырымдылық концерттерін берген еді. Осындай өнер майталмандарының орындауында «Сыған серенадасы» О.Азаматова және «Дүнген қызы» әндерін Ғ.Мәтебаевтың орындауында тамашаланды. Сондай–ақ әндердің шығу тарихына тоқталып, қысқаша мағлұматтар берілді. Кеш соңы  ән ұранымызбен аяқталды. Осындай іс–шаралардың бүгінгі күні тәрбиелік мәні зор, себебі жастарымыздың бойына есті әндерімен мәңгі жасайтын қазақ әндері жасай берсін!

 

«Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ-нің

тәрбиешісі Ж.Сарыбаева